Әйгерім Сәттібаева Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әйгерім Сәттібаева ақтық сында жетісулық Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Еске сала кетейік, Әйгерім Сәттібаева – 5 баланың анасы. Бұған дейін боксшы «Túrkistan» халықаралық газетіне берген сұхбатында арманы әлем чемпионы атану екенін айтқан болатын.