Instagram-да полицейлерге тіл тигізген тұрғын қамауға алынды

Бүгін, 10:54 / Алуа Арман
polisia.kz

Instagram әлеуметтік желісінде ер адам Астана қалалық полиция департаментінің ресми парақшасына балағат сөздер жазған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Instagram әлеуметтік желісіндегі Астана қаласы Полиция департаментінің ресми парақшасында белгісіз ер адам мемлекеттік қызметкерге қатысты әдепсіз мазмұндағы пікірлер қалдырған», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының тұлғасын анықтады – ол Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны болып шыққан.

«Шымкент тұрғыны өз жазбаларында қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін өте тұрпайы және қорлайтын сөздер жазған, сонымен қатар жалған мәліметтер таратып, оған және оның отбасына қоқан-лоқы көрсеткен», – деп нақтылады департамент.

Аталған азаматқа қатысты «Жала жабу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды.

Астана қаласы Полиция департаменті әлеуметтік желілердегі кез келген заңсыз әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын еске салды.

Тэгтер:

Полиция тіл тигізу балағат