Елімізде Қазақстан есімді қанша азамат бар?

Бүгін, 09:40 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың көпшілігі Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір-бір азаматтан тұрады.

28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі Қазақстан.

Жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те.