Маңғыстауда 4 мың бөтелке тиелген жүк көлігі өртенді

Бүгін, 09:24 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Маңғыстау облысында Ақтау – Форт-Шевченко тас жолында ауыз су тасымалдаған жүк көлігі өртенді. Өрт сөндірушілер келген сәтте тіркемені толықтай жалын шарпып үлгерген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шыққан жерден ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық 35 шақырым болған.

«От жүк көлігінің тіркемесін толықтай жойып жіберді. Көлік «Керуен Ауыз Су» ЖШС-не тиесілі. Тасымалданған жүк – 4 000 бөтелке «Керуен» ауыз суы», – деп хабарлады ТЖД.

Өрт шақырту түскеннен кейін бір сағаттан соң толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр.

 

Тэгтер:

Жүк көлігі Маңғыстау өрт