Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 05:29 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 «Қазгидромет» РМК еліміздің 11 қаласында ауа сапасы төмендейтінін хабарлады. 

— 2025 жылғы 21 қазанда Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Көкшетау, Шымкент, Теміртау, Қарағанды қалаларында қолайсыз метеожағдайлар болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.