Гилян провинциясы, Астара қаласындағы Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Бабек Гейдарзаденің айтуынша, оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Олардың екеуі ауыр күйік алып, оқиға орнында құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін олар әрі қарай ем алу үшін Астара ауруханасына жеткізілді. Кейін оларды провинция астанасына құтқару тікұшағымен апарады», – деді ол.
Құтқару жұмыстарына өрт сөндіру қызметі, Астара қалалық қауіпсіздік және әкімдік қызметкерлері, Лавандевиль муниципалитеті, полиция, жедел жәрдем және Қызыл Жарты Ай құтқарушылары жұмылдырылды. Қазір өртті сөндіру, құтқару және көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Гейдарзаде атап өткендей, оқиғаның себебі, залал көлемі мен зардап шеккендердің жағдайы бойынша тергеу жүргізілуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі — дәнекерлеу кезінде сақтық шараларының сақталмауы, соның салдарынан газ баллоны жарылып, үлкен өрт шыққан.