Қытайдан 74 күн бұрын жолға шыққан Қуатбек пен Жайна кеше Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылына аялдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар тамыз айының басында Қытайдың Тарбағатай аймағындағы Саян ауданынан атамекенге қарай жолға шыққан.
Екі айдан астам уақыт бойы атпен сапар шеккен ерлі-зайыпты барлық қиындықтарға қарамастан өз мақсаттарына жетіп, сапарын сәтті аяқтады.