Ресейде оқушымен төбелескен мұғалім жұмыстан шығарылды

20 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Бурятияның ауылдық мектебінде физика пәнінің мұғалімі мен орта сынып оқушысының арасында болған жанжалдан кейін дау шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Telegram-дағы 112 арнасының жазуынша, жанжал үзіліс кезінде өзара балағаттаудан басталып, арты төбелеске ұласқан.

Қазіргі уақытта мұғалім қызметінен шеттетілді. Болған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Мәліметтерге сәйкес, оқушы ауыр жарақат алған (қол сүйегінің сынуы).

"Иволга ауданының прокуратурасы мұғалім мен оқушы арасындағы жанжалға байланысты тексеру жүргізді. Нәтижесінде аудан прокуратурасы білім беру процесін тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін аудандық білім бөлімінің басшысына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқау берді", – делінген Бурятия прокуратурасының хабарламасында.

Бурятия Республикасының білім министрі Валерий Поздняков "жанжалға әрқашан екі тарап та кінәлі" екенін айтып, мұғалімнің педагогикалық білімі жоқ екенін атап өтті.

Оқиғаға Бурятия басшысы Алексей Цыденов те назар аударды. Ол әлеуметтік желіде жарияланған видеода оқушының мұғалімнің желкесінен ұрып, кейін оны тұншықтыра бастағаны анық көрінетінін айтты.

"Оқушының міндеті – мұғалімін құрметтеу", – деді Цыденов.

Тэгтер:

мұғалім Ресей