Әлиям Әзізова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлде иеленді

Бүгін, 17:59 / Алуа Арман
olympic.kz

Әлиям Әзізова пенчак силаттан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында К.Карпиомен (Филиппин) кездесті.

Кездесудің қорытындысы бойынша филиппиндік спортшы 27:46 есебімен басым түсті. 

Осылайша, Әлиям Әзізова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Тэгтер:

Азия ойындары Қола жүлде Әлиям Әзізова