"Қазір ең қажеті – баспана, бензин, сыра": Уоррен Баффетт қыруар қаржысын үш салаға салды

20 қазан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: Nati Harnik/AP

Атақты инвестор Уоррен Баффетт тағы да күтпеген шешім қабылдады. Ол өзінің Berkshire Hathaway холдингі арқылы шамамен 1 миллиард АҚШ долларын тұрғын үй құрылысы, энергетика және алкоголь өндіру салаларына бағыттады, деп хабарлайды turkystan.kz fortune.com-ға сілтеме жасап.

Баффетттің өзі бұл шешімін қысқа әрі анық түсіндірген:

«2025 жылы қарапайым адамға керек үш нәрсе – баспана, бензин мен сыра», – деді ол.

Қаржы әлемінде бәрі жасанды интеллект пен технологиялық компанияларға бәс тігіп жатқанда, Баффетттің бұл шешімі классикалық инвестициялық философиясына қайта оралудың белгісі болып отыр. Оның басты қағидасы — «инвестиция тек түсінікті бизнеске салынуға тиіс».

2025 жылдың екінші тоқсанындағы деректерге сәйкес, Berkshire Hathaway үш негізгі бағытқа капитал құйған:

Lennar Corporation – АҚШ-тағы ең ірі тұрғын үй салушы компаниялардың бірі;

Chevron Corporation – әлемдік энергетика нарығындағы тұрақты ойыншы;

Constellation Brands — әйгілі сыра және алкоголь өнімдерін өндіруші.

Осы үш компанияға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1,33 миллиард доллары болған. Бұл туралы Nasdaq, Motley Fool және Bitget секілді ірі қаржы платформалары хабарлады.

Баффетттің шешімі кездейсоқ емес.

Тұрғын үй нарығы: АҚШ-та баспана тапшылығы мен ипотекалық мөлшерлемелердің төмендеуін күту құрылыс компанияларын ұзақ мерзімді тұрғыда тартымды етіп отыр.

Энергетика секторы: Мұнай мен бензин бағасы жаһандық инфляция жағдайында қорғаныш актив саналады.

Алкоголь және сусын нарығы: Тұрақты сұранысқа ие өнімдер мен брендтердің бағасы экономикалық құлдырау кезінде де төмендемейді.

Тэгтер:

ақша инвестиция Уоррен Баффет