Алматы қаласының прокуратурасы шетелдік компанияның иелігіндегі 71,9 га ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеріс нәтижесінде қаланың элиталық бөлігінде орналасқан учаскелер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып пайдаланылғаны анықталды. Себебі шетелдік субъектілер Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы жерлеріне иелік ете алмайды.
16.07.2025 жылғы прокуратураның талап-арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жерді мемлекетке қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды.
02.10.2025 жылы апелляциялық саты сот актісін өзгеріссіз қалдырды.
Осылайша, құны 5,9 млрд теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер ресурстарын заңсыз пайдалану фактiлерiн анықтау және жолын кесу жөнiндегi жұмыстар жүйелi және бірізді сипатқа ие.