Қазақстандық үш гимнаст Әлем чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 14:31 / Алуа Арман
olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші нәтижемен финалға өтті. Сондай-ақ кермедегі жаттуғаларда 14.200 ұпай еншілеп, ақтық сынға шықты.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, ең жоғары көрсеткіш - 14.700 ұпаймен бірінші орын алды.

Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығулардың финалында Зейнолла Ыдырысов (14.300 ұпай) өнер көрсетеді.

Өкінішке қарай, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патонин және Ілияс Әзізов финалға шыға алмады.

Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалдық бәсеке 24 қазанда өтеді. Ал кермедегі жаттығуда жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты финал гимнаст