Павлодар облысында жантүршігерлік екі жол апаты болды

Бүгін, 12:29 / Алуа Арман
Павлодар облысының Полиция департаменті

Павлодар облысының жолдарында 19 қазан күні екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атамекен – Курчатов автожолында, Құркөл ауылынан 4 шақырым жерде Chery Tiggo 7 Pro маркалы көліктің жүргізушісі жылдамдықты асырып, Lada-21214 автокөлігін артынан соққан. Салдарынан жүргізуші қаза тауып, жолаушы жарақат алды.

Кенжекөл – Ақсу автожолында, Қарабай ауылының маңында Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Honda Odyssey көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жолаушы көз жұмды.

Екі жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғалардың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Полиция департаменті жол апаттарының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жылдамдықты шектен асырмау, әсіресе қарқынды қозғалыс учаскелерінде абай болу және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Тэгтер:

Жол апаты Павлодар облысы