Гонконгта жүк тиелген ұшақ теңізге құлады

Бүгін, 11:19 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Гонконг әуежайында жүк ұшағы Boeing 747 ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге құлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, оқиға кезінде ұшақ әуежайдың жердегі қызмет көрсету көлігімен соқтығысқан. Басылым оқиға орнынан бейнежазба жариялады.

Қақтығыс салдарынан көлікте болған екі қызметкер қаза тапты. Ұшақтың төрт экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ.

 

Тэгтер:

Ұшақ Гонконг Теңіз