Заңсыз төлемдердің жолын кесу мақсатында соттың саяси қуғын-сүргін құрбандары деп тану тәжірибесі тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, биыл 5 азамат сотта өздерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде мойындатпақ болған.
Қалалық сотпен бірлесіп, мұрағаттық құжаттар зерделеніп, аталған тұлғалардың бұл санатқа қатыстылығы анықталмады.
Тиісінше, сот елорда прокуратурасының өтініші бойынша оларды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты.