«4 сағатта 8 тойға кірдім»: Танымал әнші табысы туралы ашық айтты

Бүгін, 10:28 / Інжу Әлихан
скриншот

Танымал әнші Әділет Жауғашар «KeшRЕС» бағдарламасына берген сұхбатында тойға шығып, табатын табысы туралы ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Шымкент қаласында 4 сағатта 8 тойға кіріп,  өнерімді көрсетіп шықтым. Солай болып қалған. Шымкентте тойдың өзі 4 сағат болады ғой. 5 сағат болмаған. Үлгердік. Бұл – құнығу емес, бұл – рекорд. Әдетте 4-5 тойға ғана кіретінбіз. Бір тойдан әжептәуір табыс табамын», – деді Ә. Жауғашар.