Анар Бурашева 8 мың метр биіктіктегі Чо-Ойю шыңын бағындырды

Бүгін, 09:59 / Інжу Әлихан
скриншот

Эвересті бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева биіктігі 8201 метрді құрайтын Чо-Ойю тауына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, Чо-Ойю тауы әлемдегі ең биік таулардың қатарында алтыншы орынды иеленеді. Ол Эверест және Пхозе тауларына жақын шығыс Непалдың Кхумбу аумағындағы Тибет шекарасында орналасқан.