Арқалық – Державинская бағытында жаңа пойыз іске қосылды

Бүгін, 09:35 / Інжу Әлихан
ҚТЖ

20 қазаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Арқалық — Державинская бағытында №6807/6808 қала маңы пойызын жолға шығарады. Жаңа бағыт өңір тұрғындары мен теміржол қызметкерлеріне тұрақты әрі қолайлы қатынасты қамтамасыз етуге арналған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бағыт және қозғалыс кестесі:

 • Арқалық → Державинская: 09:00 — 10:51

 • Державинская → Арқалық: 15:07 — 16:57

Пойыз дүйсенбіден жұмаға дейін, мереке күндерін қоспағанда, күн сайын қатынайды.

Құрам Арқалық, Фурмановский, Тасты-Талды, Барнаульский және Державинская станциялары арқылы қатынайды. Бұл ең алдымен өңір тұрғындары үшін тұрақты, қолжетімді көліктік қатынасты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жаңа бағыт теміржолшылар үшін де маңызды. Тұрақты кесте олардың жұмыс орындарына уақытылы жетуіне мүмкіндік беріп, пойыз қозғалысының үздіксіздігін қолдауға жағдай жасайды.

Қала маңы тасымалдары Қазақстанның көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар халықтың мобильдігін арттырып қана қоймай, елді мекендер арасындағы әлеуметтік-экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.

Тэгтер:

Пойыз Арқалық Державинская