Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америкадағы елшісі қызметіне тағайындалды

Бүгін, 09:07 / Алуа Арман

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Тэгтер:

елші Америка Мағжан Ілиясов