Израиль Газаға тағы соққы жасады

Бүгін, 07:13 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Doaa Albaz / Anadolu via Getty Images

Израиль қорғаныс күштері өз Telegram-каналында Газа секторындағы ХАМАС-тың лаңкестік нысандарына соққы жасағанын хабарлады, деп жазады nur.kz.

Израиль ХАМАС-ты атысты тоқтату келісімін өрескел бұзды деп айыптап, оған соққы жасады.

"Соққыға ұшыраған нысаналардың арасында қару-жарақ қоймалары, лаңкестік әрекет үшін пайдаланылатын инфрақұрылым, атыс позициялары, лаңкестік ұяшықтар және басқа да террористік инфрақұрылымдар болды", - делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.

Израиль қорғаныс күштері де алты километрге жететін жер астындағы лаңкестік инфрақұрылымға соққы жасағанын растады. Әскерилердің сөзінше, бұл нысанды ХАМАС Израильге қарсы шабуылдар жасау үшін пайдаланған.

"ХАМАС лаңкестік ұйымы бүгін таңертең атысты тоқтату туралы келісімді өрескел бұзды. Израиль әскері табанды түрде жауап қайтарып, Израиль мемлекетіне төнген кез келген қатерді жою мақсатында әрекет етуді жалғастырады", - деп мәлімдеді ЦАХАЛ.