Париж қаласында Лувр музейін тонап кетті, деп хабарлайды BBC порталы.
Францияның мәдениет министрі Рашида Дати музейдің тоналғанын растады. Осыған байланысты ғимаратты бір күнге жауып тастады. Алайда нақты қандай заттардың ұрланғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
"Бүгін Лувр музейін таңертең ашқанда тонау болды", - деп жазды Дати.
Ал Le Parisien газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлер құрылыс жұмыстарын пайдаланып, ғимараттың Сена өзеніне шығатын қасбетінен кірген. Одан кейін жүк лифтімен Аполлон галереясына өткен. Терезені сындырып, Наполеон мен патшайымның зергерлік коллекциясынан тоғыз затты ұрлап кетті.
Ұрылар оқиға орнынан мотороллермен қашқан. Қазіргі кезде ұрланған заттардың құны бағаланып жатыр.
Музей әкімшілігі осы оқиғаға қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.