Жезқазғанда ірі өрт сөндірілді

Бүгін, 11:35 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жезқазған қаласында бір қабатты тұрғын үй мен шаруашылық нысандарды шарпыған ірі өрт сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Министрліктің ақпратынша, төтенше жағдай Шәріпов көшесінде болған. Тұрғын үй, шаруашылық құрылыстар мен гаражды ашық жалын шарпыған. ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермей, ғимарат ішінен төрт газ және екі оттегі баллонын шығарып үлгерген.

"Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында газ және оттегі баллондарының жарылысы болмады. Өрт 280 шаршы метр аумақта сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген ақпаратта", - делінген хабарламада.