Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

19 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Pixabay

"Қазгидромет" РМК елдің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы 19 қазанда Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.