2026 студенттерге төленетін шәкіртақы мөлшері қандай

18 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

2026 жылы студенттерге төленетін стипендия мөлшері белгіленді, деп хабарлайды Astana TV.

Телеарна мәліметіне сәйкес, жаңа жылдан бастап бакалавр дәрежесінде оқитын студенттерге 52 000 теңге шәкіртақы тағайындалады.

Педагогика саласының болашақ мамандарына берілетін стипендия 84 000 теңге көлемінде болады. Магистратурада оқитын студенттерге 117 000 теңге шәкіртақы беріледі. Ал докторантурада білім алып жатқан азаматтардың стипендиясы 262 000 теңгеден асады.

Сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге төленетін шәкіртақы мөлшері 30 пайызға жоғары болмақ. Үздік студенттерге де көбірек шәкіртақы беріледі — олар жаңа жылда 15 пайыздық үстемеақы алады.