«Киноға түспеуімнің өз себебі бар»: Кәмшат Жолдыбаева жан сырын ақтарды

18 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Кәмшат Жолдыбаева не себепті соңғы уақытта кино саласында көрінбей жүргенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші әрі актриса Instagram желісінде оқырмандарымен ашық әңгіме жүргізді.

Сұрақ-жауап барысында желі қолданушыларының бірі одан актер Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын сұрады.

Кәмшат бұл таныстықтың «Рауза» телехикаясының түсірілім алаңында басталып, өмірінің жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты.

«Иә, біз «Рауза» сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», — деп жазды Кәмшат.

Актриса сонымен қатар соңғы кездері кинода сирек көрінуінің себебін де түсіндірді.

«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себебі бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», — деп жазды Кәмшат Жолдыбаева.