Елена Рыбакина Қытайдағы турнирің финалына шықты

18 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Spots.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 8-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолинимен бетпе-бет келді. 

Осыған дейін қарсыластар бес мәрте кездесіп, соның үшеуінде Паолини жеңген еді.

Бұл матчтың маңыздылығы сол, Е.Рыбакинаның жылдың қорытынды турниріне жолдама алуы үшін WTA чемпиондық кестесінде үздік сегіздікке ілігуі қажет. Осыған дейін Ж.Паолини 4 325 ұпаймен жетінші, ресейлік Мирра Андреева (4 320) сегізінші, ал Е.Рыбакина (4 мың ұпай) тоғызыншы орында тұрған еді. Сондықтан соңғы екі жолдама үшін тартыс осы үш теннисшінің арасында болатыны анық-ты.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай білді – 6:3. Екінші сетте тағы екі брейкке қол жеткізді – 6:2.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 10 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Паолини 7 брейк-пойнттан ештеңе шығара алған жоқ. 

Елена Рыбакина финалда ресейліктер, әлемнің 10-ракеткасы Екатерина Александрова немесе рейтингіде 19-орындағы Диана Шнайдердің қай жеңгенімен чемпиондық атақ үшін таласады. 

Қазақстандық теннисші чемпиондық кестеде ұпай санын 4 130-ға жеткізді. Енді Нинбо додасын табысты аяқтап, алдағы аптада Токио турнирінде сәтті өнер көрсетсе, жылдың қорытынды турниріне жолдама алады.