Астанада есірткі жасырып жүрген такси жүргізушісі ұсталды

Бүгін, 12:13 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Елорда полицейлері "есірткі жасырған" такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz 

Жедел іс-шаралар барысында елордада есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысқан 35 жастағы ер адам ұсталды.

Такси жүргізушісінің автокөлігінен полицейлер шамамен 50 түйіншек мефедрон тәркіледі.

"Анықталғандай, күдікті жолаушыларды тасымалдаумен қатар, интернет-мессенджерлер арқылы тапсырыс алып, "тауарды" жеткізіп отырған. Ол есірткіні алғаннан кейін қаладағы түрлі аудандарға такси тапсырыстары арасындағы үзілісте "жасырып" кеткен", - дейді полиция.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тарату және делдалдық жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.