Ақмола облысында монша кешенінен өрт шықты

Бүгін, 11:10 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Щучинск қаласында монша кешені өртенді. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері оқиғанын мән-жайын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылардың хабарлауынша, бүгін Бурабай ауданының Щучинск қаласында монша кешенінің төбе жабындысы өртенген. Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады.

"Өрт сөндірушілердің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақытта сөндіріліп, оттың таралуына жол берілмеді", - делінген ресми хабарламада.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Ведомство өкілдері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.