Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 10:19 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

 18 қазанда Қазақстанның көпшілік қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, 18 қазан күні қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскемен, Орал қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл зиянды (ластаушы) заттардың жер бетіне жақын атмосфера қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ орын алған жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, бұл халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Ауа сапасының ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы саналады.