«Он күн аузыма тамақ алмадым»: Салтанат Бақаева ота жасатқанын айтты

17 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі

Танымал актриса әрі әнші Салтанат Бақаева аз уақытты қалай арықтағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актриса ауыз қуысына ота жасатып, бірнеше күн аш жүруіне тура келгенін алға тартты.

«Көптің сұрауы бойынша қалай азғанымды айтам деп шештім. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші жақында тісіме ота жасалғанын айтқан болатынмын.Ота болған соң кескен жерлерін лескамен тіккен болатын... Леска өздеріңіз білесіздер үшкір болып келеді, ауыздың нәзік терісіне пышақ тыққандай сезілді… Соның салдарынан жарты аузым стоматит болып 10 күндей аузыма тамақ алмадым. Сондықтан азудың бір ғана амалы ол тамақ ішпеу екен қыздар!», - деді Салтанат Бақаева.

Тэгтер:

әнші Актриса Салтанат Бақаева ауру