Актер Бекжан Тұрысқа жерлестері ат мінгізіп, көлік сыйлады

17 қазан, 2025 / Інжу Әлихан
Facebook/Жарас Ниязбек

Белгілі актер Бекжан Тұрысқа жерлестері тұлпар мінгізіп, жаңа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, аталған сый-құрмет өнер иесінің 60 жасқа толуына орай берілген. 

«Бекжан Тұрыс ағаның 60 жасы туған жерінде тойлануда. Аудан атынан тұлпар мінгізді. Әріптес інілері мен кәсіпте жүрген бауырлары темір тұлпар сыйлады», - деп жазды Facebook желісінің қолданушысы Жарас Ниязбек жазды.