«Қара қу» теориясы: бұл қандай теория?

17 қазан, 2025 / Túrkіstan International Political Weekly
сурет: istockphoto.com

Жас ақын Батырхан Сәрсенханның «Мұң шағып ақ қарға мен қара қуға, Мұншалық жігерімді талаттым ба?» деп келетін өлең жолдары бар. Иә, кейде таптауырын тірліктерге бой ұрмаған, ағынға қарсы жүзетін, қарағайға қарсы біткен бұтақ секілді жандарды яки белгілі бір топта ерекшеленіп жүретін адамдарды «ақ қарғаға» теңеп жатамыз. Себебі өмірде ақ қарға болмайды. Мәселен, жапондарда «медуза сүйегі» деген де тіркес бар. Мұхиттарда үлп-үлп етіп жүзіп жүретін бұл жәндік – сүйексіз. Бұл тіркес те сондай жағдайларда айтылса керек-ті. Сол секілді бүкіл таптаурындар мен түсініктерді талқандайтын ғажайып құбылыс ретінде санап келген тіркестер тізбегіне «қара қу» сөзі де жатады. Себебі өмірде қара аққу болмайды деп сеніп келді адамзат. Бірақ тек 1697 жылға дейін...

Иә, 1697 жылға дейін аққулар тек ақ түсті деп есептелінді. Бірақ Виллем де Вламинк бастаған Голландия экспедициясы Батыс Аустралияда қара қулардың популяциясын тапқан еді. Алғашқы қара қудың ашылуы орнитологтар үшін де үлкен тосынсый болды. Көп ұзамай қара қу Солтүстік Аустралияның мемлекеттік туында бейнеленді. «Қара қу» сөз тіркесін ежелгі Рим ақыны және сатирик Ювенал өзінің алтыншы сатирасында: «Жер бетіндегі сирек қара қу секілді, Мінсіз әйелдің кездесе қоюы екіталай», – деп жазады. Десе де, қудың тек ақ түсіне көз үйретіп қалған жұрттың қудың қара түсін қабылдауы оңай болмады. Мәселен, «Аққулар көліндегі» Зұлым Данышпанды қара аққулардың қоршап жүретін сәті бар. Осылайша, қара қу бұлыңғыр әрі бейберекетсіз болашақтың қатерлі символына, жорамалдауға келмейтін шынайы әлемнің бейнесіне айналды.

«ҚАРА ҚУЛАР» ТЕОРИЯСЫ

Міне, осындай кездейсоқ жағдайларға қатысты айтылатын кейіннен «қара қу теориясы» дүниеге келді. Бұл теорияны әлемге әйгілі ливандық-америкалық экономист, жазушы әрі философ Насим Николас Талеб ұсынған. Ол 2007 жылы жарық көрген «Қара қу: Тосын Оқиғаның Әсері» (The Black Swan: The Impact of the Highly Improbable) атты кітабында бұл концепцияны жан-жақты талдады. Кітап бірден әлемдік бестселлерге айналып, қаржы, саясат, ғылым және технология салаларында жаңа түсінік қалыптастырды. Автордың бұл еңбегі кітап дүкендерінде сөреден түспей, тұрақтап қалған, санаулы бестселлердің бірі. Ал Sunday Times оны «Екінші жахандық соғысынан кейін шыққан ең әспетті 12 кітаптың бірі» деп атаған. Автор туралы қысқаша айтсақ, Насим Николас Талеб 1960 жылы туған. Математик, саудагер, бизнесмен және философ, Ливанның тумасы, қазір АҚШ-та тұрады. Талебтер отбасы азаматтық соғыс басталғаннан кейін 1975 жылы Ливанның Амиун қаласына жер аударылды. Насим Лондон мен НьюЙорктегі брокерлік фирмаларда басшылық қызметтер атқарады, сонымен қатар биржада жұмыс істеді. Кейіннен өзінің жеке компаниясы – Empiric Al-SC хедж-фонды қорын құрды. Оған қоса, Талеб «Динамическое Хеджирование», «Одураченные случайностью», «Қара қу» және «Антихрупкость» деген сияқты танымал жұмыстардың авторы. Сонымен теорияға келейік. Теория тарихты өзгертетін кездейсоқ жайдайлар жайлы, сонымен қоса біріншіден айтуға мүмкін емес жайттар мен екіншіден оқиғаның мүмкін емес жағдайларын болжаумен ерекшеленеді. Қара қулар глобальды және персональды немесе позитивті немесе позитивті емес болып бөлінеді. Оларға қаржылық дағдарыс, өлім, кездейсоқ кездесу секілді тосын жағдайлар жатады. Ғалым Талебтің айтуынша, әмбебап шешімдер жоқ, әр жағдайды жеке қарау керек. Яғни, одан әрі өмір сүрудің сәті адамның мұндай жағдайларға қалай бейімделуіне тікелей байланысты болады. Бұл теория бойынша кез келген уақытта тосыннан жағдай орын алуы мүмкін. Тек оған бейімделе алу керек. Мәселен, автор күрделі модельдерді қызметке жегіп, 30 жылдан кейін мұнай бағасының қандай болатынын анықтауға талпынғанша, келесі жаздағы бағалардың өзін дәлді айтуға қауқарсыз екеніңізді мойындаңыз, дейді. Әйгілі сарапшылар мен футурологтар қанша жерден дәйек келтірсе де, көбіне шалыс кетіп жатады. «Сондықтан оларға мүмкіндігінше азырақ құлақ асыңыз», – дейді ол. Үлкен істерде қателескеннен гөрі, ұсақ-түйекте ұтылған жақсы деген ойды меңзеген ол 40-50 жылдан кейін орын алуы мүмкін құбылыстарды түсіндіретін ғұламаны тыңдағанша, тақау уақытта бар ісіңізге кеселі тиетін проблемаларға назар тоқтатқан абзал, дейді. Мәселен, Талеб кітаптың бір қалтарысында: «Жер сілкінісі бола ма, болмай ма, о жағын білмеймін, бірақ оның Сан-Франциско қаласына тигізетін зардабын шамалай аламын», – дейді. Ғалымның бұл теориясына қатысты көптеген ғалым өз пікірлерін білдірді. туындайды», – дейді. Ал Sapiens кітабының авторы, тарихшы Ювал Хәррәри «Қара қу оқиғалары қазіргі заманда жиілеп барады, себебі жаһандану мен технология дамыған сайын бір аймақтағы шағын өзгеріс бүкіл әлемге әсер етуі мүмкін» деп түйіндейді. Кейбір сыншылар бұл теорияны тым жалпылама деп санайды. Олар «болмаған нәрсе болады» деген тұжырымды дәлел ретінде қабылдаудан гөрі, нақты деректерге сүйенуді ұсынады. Сонымен қатар Талебтің өзі кейде апаттарды тым пессимистік сипаттайды деген пікірлер де бар.

ТАРИХТАҒЫ «ҚАРА ҚУЛАР»

Енді күтпеген жерден болатын күйреу жағдайларының нақты мысалдарына келейік. Соның жарқын бір мысалы – Доткомдардың күйреуі (20002002). 1990 жылдардың соңында технологиялық компаниялар табысы болмаса да, қарқынды түрде өсе бастады. Инвесторлар интернет-стартаптардың болашақта дамуына үміттеніп, олардың акцияларын сатып алатын. Алайда 2000 жылы нарық бұл компаниялардың басым бөлігінің шынайы бизнесінің жоқтығын түсінді. NASDAQ биржасы 78 пайызға құлады. Бұл жағдай бізді неге үйретті? Үлкен үміт бағаларды айтарлықтай көтеруі мүмкін, бірақ егер оның артында нақты құны болмаса бәрі бекер. Бүгінгі күні мұндай қорқыныш жасанды интеллект компанияларымен және кванттық есептеу саласындағы стартаптармен байланысты болып отыр. Дәл сол секілді 2001 жылы 11 қыркүйекте дырмады. Тұтастай алғанда, бұл оқиғалар көбінесе қара қулардың теориясы аясында адамзат дәл болжай алмайтын құбылыстың мысалы ретінде келтіріледі. Өйткені ол бұрын-соңды мұндай жағдайды кездестірмеген. Тағы бір қызық мысал. 2010 жылы 6 мамыр күні АҚШ нарығы санаулы минутта 9 пайызға құласа, дәл солай қалпына бірден келе қойды. Оның себебі – баға тербелістері үлкен болмағандықтан, алгоритмдер активтерді автоматты түрде сатқан жоғары жиілікті трейдинг. Бұл жағдай бізді неге үйретті? Алгоритмдік сауда нарықта жылдам қозғалыс тудыруы мүмкін. Егер активтің бағасы кенет бірден төмендей бастаса, бұл үлкен қиындық емес, бұл алгоритмдегі іркіліс болуы мүмкін. Мамандар 2011 жылғы Фукусимадағы атом апатын да осы теорияға жатқызады. Сол жылы табиғи апат (цунами) пен адам жасаған инфрақұрылым (атом электр стансасы) қатар келіп, жойқын апатқа себеп болды. Нәтижесінде, ядролық энергетикаға деген көзқарас өзгерді, Жапония энергетикалық саясатты қайта қарады. Сондай-ақ адамзат кезіктірген «қара қулардың» көш басында COVID-19 пандемиясы тұр. Пандемия кесірінен нарықтың күйреуі орын алды. 2020 жылдың басында ешкім де пандемия әлем экономикасын дәрменсіз жағдайға әкеледі деп ойлаған жоқ. Наурыз айында АҚШ-тың қор нарығы 30 пайызға құлап, одан кейін ФРЖ-ның және АҚШ үкіметінің шұғыл шараларының арқасында күтпеген жерден қалпына келді. Бұл жағдай егер реттеушілер нарыққа араласып, экономиканы «тегін ақшамен» толтырса, нарық жылдам және күтпеген жерден қалай күйресе, дәл солай қалпына жылдам келетінін көрсетті. Қазақ аспанын да «қара қулар» айналып өтпеген. Солардың бір мысалы ретінде 2011 жылы еңбек дауынан туындаған наразылық бүкіл ел үшін үлкен әлеуметтік-саяси мәселе көтерген Жаңаөзен оқиғасын, 2022 жылғы газ бағасынан туындаған мәселе күтпеген жерден ел көлемінде жаппай наразылыққа ұласқан Қаңтар оқиғасын, сонымен қатар халыққа ауыр соққы болып тиген, алдын ала болжанбаған шешімдерден Ұлттық валюта девальвацияларына алып келген жағдайларды атасақ болады. «ҚАРА ҚУДАН» ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК? Талебтің ойынша, қара қулардың алдын алу мүмкін емес, бірақ олардың зардабын азайтуға болады. Мәселен, тәуекелді әртараптандыру – қаржы жүйесінде инвестицияларды тек бір бағытқа салмай, әртүрлі салаларға бөлу қажет деген ойды айтады. Сенімді емес нәрсеге сенбеу – болжамдарға шектен тыс сену қауіп. Икемділік пен бейімделгіштік – тосын жағдайлар орын алғанда тез шешім қабылдай білу. Антиосал жүйе құру – Талеб «antifragility» деген ұғымды енгізеді: ол – соққы алған сайын күшейе түсетін жүйе. Яғни, жүйе күйреуге емес, тұрақты нығаюға бейім болуы керек. Кэш-қорлар – төмен түскен кезде сатып алу үшін өтімді активтердегі (ақша, облигациялар) қаражаттың бір бөлігі бар. Тәуекелді хеджирлеу – қорғаныс активтерін (алтын, қорғаныс акциялары, опциондар) пайдалану. Өтімділікті қадағалау – дүрбелең кезінде өтімді активтер (тез сатылатын активтер) құнды болып шығады. Мәселен, Нобель лауреаты, психологэкономист Даниэль Канеманның ойынша, «Қара қу» оқиғаларына адам миы дайын емес. Біз көбінесе қазір көріп тұрған нәрсеге ғана сенеміз, ал сирек әрі тосын жағдайларды елемеуге бейімбіз». Канеманның пікірінше, адамдардың когнитивтік шектеулері – «қара қу» қаупін бағаламауға басты себеп. Ал фрактал геометриясының негізін қалаушы Бенуа Мандельброт: «Қаржылық нарықта орын алатын тосын оқиғалар – жүйенің фракталды табиғатына байланысты. Олар кездейсоқ емес, тек дұрыс модельдермен болжауға келетін ерекше заңдылықтарға ие», – дейді. Мандельброттың пікірінше, «қара қу» кездейсоқ емес, дұрыс модельмен байқалуы мүмкін. Нобель лауреаты, экономист Пол Кругман былай дейді: «Талебтің идеясы маңызды, бірақ кейде ол болжап болмайтын оқиғаларды шамадан тыс көбейтіп көрсетеді. Кейбір жағдайлар – қара қу емес, тек нашар дайындық нәтижесі». Кругман «көптеген дағдарыс болжап болмайтыннан емес, елемеуден болған Нью-Йорктегі терактты атасақ та болады. Бұл оқиға әлемдік қауіпсіздік парадигмасын өзгертті. Оған дейін ондай шабуыл АҚШ-та болуы мүмкін деген ой ешкімнің санасына кірмеген. Сонымен қатар 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы да «қара қудың» жарқын мысалы саналады. Тұрғын үй нарығының күйреуі мен Lehman Brothers банкротынан басталған бұл дағдарыс бүкіл әлемді қамтыды. Экономистердің көпшілігі мұны болжай алмады. Ол тек Америка Құрама Штаттары үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қаржы жүйесіне де жағымсыз салдар әкелді. Сол уақытта банктің міндеттемелері алты жүз миллиард доллардан асатын еді. Инвестицияларынан айырылған инвесторлар дамушы нарықтардағы позицияларын жоғалтып, долларға көшуге кірісті. АҚШ қаржы органдарының әрекеттері дүрбелеңді тоқтатуға көмектесті, бұл жаһандық депрессияны әлемдік экономикалық деңгейге дейін бәсеңдетті. Жаһандық экономиканы дамытудың одан әрі жағымсыз сценарийлерін болдырмады. Тұтастай алғанда, бұл оқиғалар көбінесе қара қулардың теориясы аясында адамзат дәл болжай алмайтын құбылыстың мысалы ретінде келтіріледі. Өйткені ол бұрын-соңды мұндай жағдайды кездестірмеген. Тағы бір қызық мысал. 2010 жылы 6 мамыр күні АҚШ нарығы санаулы минутта 9 пайызға құласа, дәл солай қалпына бірден келе қойды. Оның себебі – баға тербелістері үлкен болмағандықтан, алгоритмдер активтерді автоматты түрде сатқан жоғары жиілікті трейдинг. Бұл жағдай бізді неге үйретті? Алгоритмдік сауда нарықта жылдам қозғалыс тудыруы мүмкін. Егер активтің бағасы кенет бірден төмендей бастаса, бұл үлкен қиындық емес, бұл алгоритмдегі іркіліс болуы мүмкін. Мамандар 2011 жылғы Фукусимадағы атом апатын да осы теорияға жатқызады. Сол жылы табиғи апат (цунами) пен адам жасаған инфрақұрылым (атом электр стансасы) қатар келіп, жойқын апатқа себеп болды. Нәтижесінде, ядролық энергетикаға деген көзқарас өзгерді, Жапония энергетикалық саясатты қайта қарады. Сондай-ақ адамзат кезіктірген «қара қулардың» көш басында COVID-19 пандемиясы тұр. Пандемия кесірінен нарықтың күйреуі орын алды. 2020 жылдың басында ешкім де пандемия әлем экономикасын дәрменсіз жағдайға әкеледі деп ойлаған жоқ. Наурыз айында АҚШ-тың қор нарығы 30 пайызға құлап, одан кейін ФРЖ-ның және АҚШ үкіметінің шұғыл шараларының арқасында күтпеген жерден қалпына келді. Бұл жағдай егер реттеушілер нарыққа араласып, экономиканы «тегін ақшамен» толтырса, нарық жылдам және күтпеген жерден қалай күйресе, дәл солай қалпына жылдам келетінін көрсетті. Қазақ аспанын да «қара қулар» айналып өтпеген. Солардың бір мысалы ретінде 2011 жылы еңбек дауынан туындаған наразылық бүкіл ел үшін үлкен әлеуметтік-саяси мәселе көтерген Жаңаөзен оқиғасын, 2022 жылғы газ бағасынан туындаған мәселе күтпеген жерден ел көлемінде жаппай наразылыққа ұласқан Қаңтар оқиғасын, сонымен қатар халыққа ауыр соққы болып тиген, алдын ала болжанбаған шешімдерден Ұлттық валюта девальвацияларына алып келген жағдайларды атасақ болады.

«ҚАРА ҚУДАН» ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

Талебтің ойынша, қара қулардың алдын алу мүмкін емес, бірақ олардың зардабын азайтуға болады. Мәселен, тәуекелді әртараптандыру – қаржы жүйесінде инвестицияларды тек бір бағытқа салмай, әртүрлі салаларға бөлу қажет деген ойды айтады. Сенімді емес нәрсеге сенбеу – болжамдарға шектен тыс сену қауіп. Икемділік пен бейімделгіштік – тосын жағдайлар орын алғанда тез шешім қабылдай білу. Антиосал жүйе құру – Талеб «antifragility» деген ұғымды енгізеді: ол – соққы алған сайын күшейе түсетін жүйе. Яғни, жүйе күйреуге емес, тұрақты нығаюға бейім болуы керек. Кэш-қорлар – төмен түскен кезде сатып алу үшін өтімді активтердегі (ақша, облигациялар) қаражаттың бір бөлігі бар. Тәуекелді хеджирлеу – қорғаныс активтерін (алтын, қорғаныс акциялары, опциондар) пайдалану. Өтімділікті қадағалау – дүрбелең кезінде өтімді активтер (тез сатылатын активтер) құнды болып шығады. 

Түйін:

Насим Талеб: «Статистикаға сүйене отырып тұрлаулы ой айту мүмкін емес», – дейді. Мәселен, интернеттің пайда болуы адамзат үшін үлкен өзгерістер кезеңін тудырды. 1990 жылдарға дейін интернеттің қазіргі деңгейде дамып, бүкіл әлемді біріктіретіні ешкімнің ойына келмеді. Бүгінде ол экономиканы, білімді, қатынасты және тіпті саясатты өзгертті. Сонымен қатар жаңа кәсіп түрлері, цифрлық экономика, әлеуметтік желілер дәуірі келді. Сонымен қатар биткойн мен блокчейн технологиясы да адамзатқа тосын болған жағдайлардың бірі еді. 2009 жылы Сатоши Накамото биткойнды ұсынғанда, оны ешкім маңызды деп бағаламаған. Қазір криптовалюта – жаһандық қаржы нарығының жаңа саласы болып отыр. Әсерінен төлем жүйелерінің өзгеруі, орталықсыздандырылған қаржы (DeFi), жаңа инвестициялық тренд пайда болды. Сондай-ақ ғалымдар әлеуметтік желілердің саяси манипуляция құралына айналуы ешкім күткен құбылыс емес еді дегенді айтады. Осының әсерінен дербес деректер қауіпсіздігі, платформаларға сенім, сайлау процесіне ықпал ету мәселелері туындап отыр. Сол секілді OpenAI мен ChatGPT секілді жасанды интеллекттің дамуы жаңа дәуірдің қақпасын ашып отыр. Көп адам ЖИ мұндай қарқынмен дамып, шығармашылық пен білім саласын қайта қарауға мәжбүр етеді деп күтпеген. Әсерінен жұмыс орындарының автоматтандырылуы, білім мен ақпаратты тұтыну тәсілінің өзгеруіне алып келді. ChatGPT және жасанды интеллекттің серпілісі көптеген салада жұмыс орындарының қысқаруына немесе түбегейлі өзгеруіне алып келуі мүмкін технологиялық «қара қу» саналып отыр. Міне, үш жылдан асып бара жатқан Украинадағы соғыс та әлем халқы үшін тосын жағдай болды. Себебі XXI ғасырда толыққанды соғыс болады деп көпшілік сене қоймады, әсіресе Еуропада. Бұл да жаһандық қауіпсіздік архитектурасы, энергия бағасы, азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер еткен «қара қулар» сериясының бір мысалына айналып отыр. Иә, «Қара қу теориясы» – бізге болашақты 100% болжауға болмайтынын, ал күтпеген оқиғалар – тарихи өзгерістердің негізгі қозғаушы күші екенін еске салады. Бұл теорияның құндылығы – кез келген жүйе тек тұрақты болуға ғана емес, дағдарыстардан кейін күшейе алуға қабілетті болуы қажет екенін көрсетуінде. Сондықтан жеке өмірде, бизнесте немесе саясатта да «қара қуларға дайын болу» – ақылдылықтың белгісі. Бұл әсіресе экономика, саясат, технология және климат сияқты күрделі жүйелерде айқын көрінеді. Талебтің айтуынша, адамдар өздеріне таныс, қарапайым құбылыстарға тым сеніп, сирек кездесетін, бірақ ықтималдығы жоғары салдарға дайын болмайды. Сонымен XXI ғасыр – болжауға келмейтін, күтпеген жағдайларға толы дәуір. Әлемдік қаржы дағдарыстары, жаһандық пандемиялар, саяси төңкерістер, технологиялық серпілістер – бұлардың бәрі бір сәтте әлем тәртібін өзгертіп, бұрынғы болжамдарды жоққа шығаруы мүмкін. Не десе де тек қазақ даласын ғана емес, күллі адамзатты сарсаңға салар «қара қулардан» аспанымыз ашық болсын деп тілейік.

Наурызбек САРША

Тэгтер:

қара қу қара қу теориясы