Құлағы естімейтін жүргізушіні келемеждеген блогер полицияға жеткізілді

17 қазан, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Алматыда есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне құрметсіздік көрсеткен блогер қыз полицияға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Алмалы аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері бейнежазба авторының жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді.
Қыз балаға қатысты түсіндіру және алдын алу әңгімесі жүргізілді, оның мақсаты – мұндай әрекеттердің қайталануына жол бермеу. Ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді", - деді Алматы Полиция департаменті.
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Қазақстандық блогерге үлкен сын айтылды. Ол есту қабілеті нашар такси жүргізушісін мазақ еткен. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қыз көліктегі «жүргізуші – есту қабілеті нашар» деген жазуды көрсетіп, баласына «шулауға болады» деп айтқан. Бұл арқылы ол жүргізуші бәрібір естімейді дегенді меңзеген.

Кейінірек блогер қыз көпшілікке видеоүндеу жасап, кешірім сұрады.

Тэгтер:

блогер жүргізуші Такси құлағы естімейді есту қабілеті нашар