Қазгидромет қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады

17 қазан, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 17 қазанда Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райы болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.