Қазақстандық балуан Лондонда өткен сумо турнирінде жеңіске жетті

16 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық балуан Ерсін Балтағұл Лондонда өткен көрсетілімдік сумо турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Гран-при» додасы әйгілі «Альберт-холл» концерт залында өтті. Кинбозан Харуки есімімен өнер көрсететін Балтағұл алғашқы белдесуде элиталық дивизиондағы ең шағын рикиси — Мидорифудзи Казунаримен кездесті.

Қарсыласын бірнеше қуатты итерумен шетке ығыстырған қазақстандық балуан дохёдан шығарып, таза жеңіске қол жеткізді.

Тэгтер:

Балуан Ерсін Балтағұл