Ми өз «шыңына» 65 жаста ғана шығады – зерттеу

16 қазан, 2025 / Ербұлан Қайрат
cурет: istockphoto.com

Ғалымдар адамның интеллект, мінез және психикалық тұрақтылық тұрғысынан ең жоғары даму нүктесіне 65 жаста жететінін анықтады. Бұл зерттеу ScienceDirect платформасында жарияланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу нәтижесінде адамның өмір бойы ақыл-ой қабілеті үнемі дамитыны, ал ең жоғарғы үйлесімділік, яғни ақыл, эмоция және өзін-өзі бақылау арасындағы теңдік тек егде жаста қалыптасатыны дәлелденген.

65 жастағы адамда мидың барлық негізгі функциялары үйлесімді жұмыс істей бастайды:

Ғалымдардың айтуынша, бұл – өмірлік тәжірибе мен эмоциялық ақылдың тоғысқан сәті. Ал 75 жаста тағы бір «бонус» қосылады: эмоциялық тұрақтылық пен ішкі тыныштық.

Яғни, мидың қартаюы қабілеттің төмендеуі емес, керісінше, адамның шынайы даналық деңгейіне көтерілуі.

Тэгтер:

ми шың