Атырауда 39 шетел азаматы елден шығарылды

Бүгін, 15:49 / Інжу Әлихан
Полиция. Фото: polisia.kz

Атырау облысында 13-17 қазан аралығында "Заңсыз келуші 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 364 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 39 шетел азаматы елден шығарылды, ал ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша бір тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаментінің мәліметінше, "Заңсыз келуші – 2025" іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, шетел азаматтарының ел аумағында болуын бақылауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Тэгтер:

Атырау