Астанада бойжеткен процедурадан кейін комаға түсті: Қылмыстық іс қозғалды

16 қазан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада медициналық қызметті тиісінше көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Оқиға Қостанай қаласының тұрғыны елордадағы жекеменшік клиникалардың бірінде косметологиялық процедурадан өткеннен кейін болған. Аталған медициналық араласудан кейін бойжеткен комаға түсіп, 2025 жылдың сәуір айынан бері ес-түссіз жатыр.

«Факті бойынша медициналық қызметті тиісінше көрсетпеу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті осы жағдайға байланысты тәуелсіз сараптамалық комиссия тағайындалғанын, ол пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген ықтимал зиянды анықтайтынын растаған.

Тэгтер:

қылмыстық іс ота операция Кома процедура