Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысындағы жалған стоматологиялар арқылы зейнетақы жинақтарын ұрлау ісіне қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттың кулуарында мәлімдеді.
«Біріншіден, оның мәртебесі – күдікті. Сот оған сырттай айып тағылып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы берілді және ол іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі таңда күдікті ұсталды, сот санкцияны растады», — деді Елемесов.
Оның айтуынша, тергеу барысында ер адамның төрт жалған стоматологиялық клиника құрғаны және сол арқылы зейнетақы қаражатын заңсыз иемденгені толық дәлелденген.
«Алынған қаражат көлемі толығымен анықталды», — деді ол.