ҚР Бас прокуратурасы мұғалімдерге маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бас прокуратураның ақпартынша, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жаңа кибершабуылдар туралы дабыл қағып отыр.
«Шетелдік дереккөздерге сәйкес, хакерлер АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалімнің ақшасын шешіп алған. Интернеттегі алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, ақшаны өздерінің банк шоттарына аударып алады», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас прокуратура бұл алаяқтық Қазақстандағы мұғалімдерге де зиянын тигізеді деп қорқады. Сондықтан, мұғалімдер пошталарына немесе жеке телефондарына келген күмәнді сілтемені ашпай, сақ болған жөн дейді. Құпия сөздерін қиындатып, екі деңгейлі аутентификацияны пайдалануды ұсынады.