Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан Lexus жүргізушісі қаза тапты

16 қазан, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Павлодар облысында Lexus жүргізушісі жолдан шығып кетіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қазан күні түнде Баянауыл ауданында болған.

«Алдын ала деректер бойынша, Lexus RX 330 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Қалқаман – Керней трассасының бойында, Бірлік ауылына жақын маңда жол жиегіне ұшып кеткен», — деп хабарлады полиция.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Тэгтер:

Жол апаты Павлодар облысы жүргізуші Баянауыл лексус