Ерлі-зайыпты Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 11:35 / Алуа Арман
Ғаламтор

Қаржылық мониторинг агенттігі ерлі-зайыпты блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Сенаттағы брифинг барысында Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

«Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары басталды. Іс кеше немесе алдыңғы күні тіркелді. Олар (Жанәбіловтер) елде», — деді Елемесов.

Оның айтуынша, материалдар апелляциялық сотта қаралғаннан кейін ҚМА-ға түскен.

«Сот шешім шығарған соң әкімшілік іс материалдары бізге жолданды. Сот қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін анықтады. Тергеу мерзімін қазір нақты айту қиын, бірақ екі айдың ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Жеңіс Елемесовтың сөзінше, блогерлердің қызметі арқылы алынған болуы мүмкін нақты қаржы көлемін анықтау әзірге қиын.

Тэгтер:

блогер қылмыстық іс Ерболат Жанәбілов Эльмира Төлегенова