Теннисші Анна Данилина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

Бүгін, 11:22 / Алуа Арман
olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Анна Данилина Нинбода (Қытай) өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз жұптық сында жақсы нәтиже көрсетуде. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) Лаура Зигемунд (Германия) және София Кенин (АҚШ) жұбымен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич 1/4 финалда Николь Меличар-Мартинез (АҚШ) және Людмила Самсоновамен (Ресей) өзара мықтыны анықтайды.

 

Тэгтер:

Турнир теннис ширек финал Анна Данилина