Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Бүгін, 10:25 / Алуа Арман

Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сенат Ғабит Әлжановты, Роза Жақудинаны және Тыныштық Молдахметованы қызметтерінен босату туралы шешім қабылдады. Мемлекет басшысының тиісті ұсынысын Сенат отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов жария етті.

«Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Ғабит Әлжановты, Роза Жақудинаны және Тыныштық Молдахметованы отставкаға байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Үшеуі де шамамен 30 жылдық судьялық тәжірибесі бар, мінсіз беделімен танылған және сот қауымдастығында зор құрметке ие. Әділ сот ісіне адалдығы мен сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестерін ескере отырып, олар құрметті отставкаға лайық», – деді Малахов.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Тэгтер:

судья Жоғарғы сот қызметтен босату