Қонаевта көпірден секірген ер адам құтқарылды

Бүгін, 06:45 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Бүгін «112» желісіне Алматы — Өскемен автожолында, Қапшағай су электр станциясы маңында ер адамның көпірден суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Қонаев қаласы ТЖБ баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендай, оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психолог маманы және полиция қызметкерлері жедел жетіп, азаматпен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысты. Алайда ер адам кенеттен суға секіріп кетті.

— Құтқарушылар қайықпен суға түсіп, азаматты дер кезінде құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, — делінген хабарламада.