Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:22 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

16 қазан күні синоптиктердің мәліметінше, бүгін Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында атмосфераның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (тыныш ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.