Бейбіт Жукаев Алматыдағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

15 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші америкалық Алекс Михельсенге 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Ойын 1 сағат 14 минутқа созылды.

«Ойын оңай болған жоқ, бар күшімді салдым. Қарсыласым әлемдік рейтингте топ-50 қатарында тұрған мықты ойыншы. Соған қарамастан барымды беруге тырыстым», - деді Жукаев.

Тэгтер:

теннис Бейбіт Жукаев