Шығыс Қазақстанда ер адам өртке оранған үйден көршісінің екі баласын аман алып шықты

15 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
көрнекі сурет интернеттен алынды

ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау үйдің шатырын, жиһаздарын және жеке заттарды шарпыған. Өрт болған кезде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған.

"2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздері үйден шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов, бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді сыртқа алып шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды 45 шаршы метр аумақта ауыздықтады. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда", - деп жазылған Төтенше жағдай министрлігінң баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тэгтер:

өрт Шығыс Қазақстан