"Тілегеніміз молынан орындалуда": Ерке Есмахан отбасылық суреттерін жариялады

15 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Жұлдызды жұптың шаңырақ көтергендеріне биыл үш болады. Осыған орай Ерке Есмахан отбасылық өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етуде. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 

Сондай-ақ ол отбасылық суреттерін де жариялаған. Мұны көрген желі қолданушылары жағымды пікір қалдырған.

"Келесі жылы ос суретке әдемі, өзіңіз секілді нәзік ханшайым қосылсын!", "Бақытты болыңыздар!", "Шетел" болып тұрсыздар", "Әдемі көрініс! Бақытыңыз еселене берсін", "Қазақтарда осылай, жай ғана бақытты, әдемі отбасы болуға болатынын  дәлелдеген - Ерке мен Райм" деп жазды олар.

Тэгтер:

әнші Отбасы Ерке Есмахан