13 қазанға қараған түні Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында жол-көлік оқиғасы болып, адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат шамамен 00:30-да ВАЗ және Hyundai Grandeur маркалы автокөліктердің соқтығысуы орын алған. Тергеудің алғашқы нәтижелеріне сәйкес, ВАЗ жүргізушісі қосалқы жолдан шығып келе жатып, бас жолмен келе жатқан көлікке жол бермеген. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші көлік жүргізушісі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», – делінген өңірлік полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қазір бұл факті бойынша жан-жақты, әділ және толық сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.